ШҚО-да су тасқыны басталғалы 8 аэровизуалды тексеру жүргізілді

4 Мамыр, 23:09 551

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің екінші толқыны басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол мамыр айының аяғына дейін созылады. Екінші толқын кезінде қар жамылғысы таулы беткейлерде ғана сақталуда – ол 19% құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Су тасқыны басталғалы облыс бойынша 8 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Сонымен қатар ЖАО мүдделі мемлекеттік органдар мен ТЖД бірлесе отырып, арнайы мониторингтік топтар құрды. Олар 24/7 жұмыс істеп, су тасқыны қауіпі бар учаскелерге мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда арнайы су тасқынына қарсы іс шаралар қабылдайды. Өңірде су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Каналдарды, арықтарды тазарту жұмыстары толық көлемде аяқталды. Жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда, - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Зарина Арман
Бөлісу: