ШҚО-да қоғам белсенділерімен Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі талқыланды

15 Желтоқсан 2023, 00:36 920

Ғалымдардың уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді түсіндіру үшін азаматтық белсенділермен, медицина қызметкерлерімен, Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңестері мен бірлестіктерінің төрағаларымен, сондай-ақ мәслихат депутаттарымен және ҚХА өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Делегация құрамына уақытты есептеу тәртібі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрхожаев, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі және профессоры Сұлтан Тілеуханов, В.Г. Фесенковатындағы астрофизика институтының өкілі, «Жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы»зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов кірді.

Ғалымдармен кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков, Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Кухарева, ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялықбақылау департаменті басшысының м.а. Ғалымбек Алин, «ШҚО Азаматтық Альянсы»ЗТБ өкілі Аяужан Ашимова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев, «Халифа Алтай» облыстық мешітінің іс басқарушысы Берік Қадыров, Өскемен қаласы Адам құқықтары жөніндегібюросы филиалының өкілі Серік Мизамбеков және т. б. қатысты.

Кездесу сындарлы диалог форматында өтті, қоғам белсенділері өз сұрақтарына толық жауап алды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаковтың айтуынша, жергілікті тұрғындар арасында бірыңғай сағат белдеуіне көшуді белсенді талқылау Ашық НҚА порталында жоба жарияланғаннан кейін басталды.

Талқылау үшін нормативтік-құқықтық акт жарияланғаннан кейін: «бізге не үшін керек, біз бұрыннан осы уақытта өмір сүріп жатырмыз және осылай болу керек сияқты» дегендейбізде көптеген қарама-қайшы пікірлер болды. Бір сағат бұрын тұру керек, жарық күн ертерек басталады деген көптеген жағымсыз пікірлер болды. Бірақ бұл жерде біздің балалар бір сағат бұрын ұйықтап, олардың ұйқысы қанатынын ескеру маңызды. Бүгін біз дәрігерлерден, хронобиология бойынша сарапшылардан, географтардан түсініктеме алдық. Бізге бірыңғай уақыт белдеуі не үшін қажет екендігі туралы көптеген қызықты ғылыми фактілер келтірілді. Біз бұл фактілер туралы бұрын-соңды естімеген едік, олар біздің көпшілігімізді, қоғам қайраткерлерін, ақсақалдарды да сендірді, - деді депутат Денис Рыпаков.

Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Кухарева UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасы туралы айтты.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатудың сөзсіз пайдасын атап өткім келеді, өйткені біздің пациенттер үшін табиғи және биологиялық белдеулерді синхрондау басты рөл атқарады. Алдын алу саласында физиологиялық ұйқының ұзақтығын қалыпқа келтіру мәселесі көтеріледі. Дұрыс ұйқыадамның иммунитетіне әсер етеді. Иммунитеті жақсы қазақстандықтар созылмалы ауруларға бейім емес. Бұл алдын алу мәселелері туралы. Неліктен бұл онкологиялық науқастарды емдеу мәселелерінде маңызды? Өйткені біз үшін ең бастысы – емдеуді ұстану. Бізде бірыңғай сағатбелдеуі енгізілген кезде қабылдау бойынша ұсыныстары бар пациенттерімізге тағайындайтын дәрілік препараттар биологиялық уақыт белдеулеріне сәйкес, яғни тиімдірек қолданылады. Сол сияқты, логистика мәселесі бойынша – бірыңғай уақыт белдеуі басқа салаларда ем алатын пациенттеріміз үшін логистиканы жеңілдетеді. Біз үшін бұл өте маңызды шешім болмақ, - деп атап өтті онколог Анна Кухарева.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы өз пікірін жергілікті ақсақал, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев түбегейлі өзгертті.

Бүгінгі іс-шарадан түсінгенім, біздіңқоғамдық бірлестікте уақыт белдеуін ауыстыру туралы әртүрлі пікірлер болды, бірақ мен біздің билік пен ғалымдардың біздің болашағымыз туралы, ең алдымен болашақ ұрпағымыздың – балалар мен немерелеріміздің денсаулығы туралы ойлайтынын түсіндім. Бұл – бірінші. Екіншіден, мен ел экономикасына да пайдасы бар екенін ұқтым. Сондықтан біз бұл жобаны бірге қолдауымыз керек. Біз аталмышұсынысты қолдаймыз, - деп атап өтті Айтқазы Шерубаев.

«ШҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ өкілі Аяужан Ашимова өз кезегінде UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажеттілігі туралы халық арасында түсініктеме беруге дайын екендігін білдірді.

«Біз алдымен уақыт белдеуі туралы әлеуметтік желілерден білдік. Бүгін бізге ғалымдар келді. Біз үшін арнайы түсіндіру іс-шарасын өткізгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. «ШҚО Азаматтық Альянсының»төрайымы ретінде маған түрлі сұрақтар келіп түсті, түсініспеушіліктер де болды. Мысалы, кәсіпкерлер ғалымдардың ұсынысын қолдап, бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің экономикалық тиімді екенін түсінсе, кейбір тұрғындар ауысудың мағынасын түсінбеген болатын. Халық арасындағы түсіндіру әңгімелері үшін бізге ғылыми-негізделген ақпарат алу маңызды болды, бүгін біз оны алдық және азаматтар арасында өз тарапымыздан түсіндіру жүргізуге дайынбыз», - деді Аяужан Ашимова.

Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері ғалымдардың Қазақстандағы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қажеттілігі туралы дәлелдері мен зерттеулерін бірауыздан қолдады. Ғалымдардың уақытты есептеу тәртібі бойынша жұмыс тобы көшпелі түсіндіру іс-шараларын жалғастырады.

Берік Арманов
Бөлісу: