ШҚО-да қасқыр жер үйге кіріп, адамдарға шабуыл жасады

30 Сәуір, 13:39 2428

Шығыс Қазақстан облысы Быково ауылында қасқыр жеке үйге кіріп, ер адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 сәуірде болған. Жыртқыш үйге ашық тұрған есіктен кірген.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, үй иесі оны қуып шығуға әрекеттенгенімен, аулада жұмыс жасап жатқан басқа ер адамды тістеп алған. Одан кейін ауылдағы екі итті өлтіріп, қашып кеткен. Ауыл тұрғындары жыртқыштың ізіне түсіп, көзін жойды.

Жергілікті атқарушы билік, ветеринарлық қызмет пен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дереу әрекет етті. Тұрғындарға ауыр зардаптар мен малға зиян келген жоқ. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр тістеп алған тұрғын мен жыртқыштан сынама алынып, сараптамаға жіберілді, - делінген хабарламада. 

Қазір ауылда жағдай тұрақты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: