ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

Бүгiн, 03:19 371

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Құйған ауылынан 5 шақырым жерде жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Жолды жалғастыра алмаған олар құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 адамы бар үш автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарған. Құтқарлғандарға медициналық көмек қажет болмапты. 

Осы ретте облыстық ТЖД  жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүру қажеттігін ескертеді.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: