ШҚО-да қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр

15 Сәуір, 09:18 327

ШҚО Зайсан ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері қамыс пен құрғақ шөптің жануымен күресуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр.

Жану ошағы жету қиын ашық батпақты жерде орналасқан. ТЖМ мен орманшылардың күштері өртпен күресуде. Сөндіруге екпіні 19-20 м/с жететін жел кедергі келтіруде, - делінген мәліметте.

Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы, ЖАО жеке құрамынан 85 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: