ШҚО-да полицейлер тұрғынды сан соқтырған күдіктіні ұстады

14 Ақпан, 14:12 477

ШҚО-да полицейлер тұрғынды сан соқтырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдық бір елді мекеннің 43 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлап, полицияға жүгінген. Оның айтуынша, танысы 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз кепілдендірілген несие алуға көмектесуді ұсынған. Өзінің “қызметі” үшін 500 мың теңге сұраған алаяқ, ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, ізін жасырған.

Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оның орналасқан жерін тапқан. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: