ШҚО-да өзендердегі мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда

16 Наурыз, 15:00 551

Шығыс Қазақстан облысында өзендеріндегі мұз кептелістерін жою мақсатында жарылыс жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бүгін Тұрғысын ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды. Ұсақтау нәтижесінде 20 мың шаршы метр аумақ қамтылды.

Облыстағы жағдай бүгінгі күні тұрақты, тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: