ШҚО-да Орталық Азиядағы ең ірі көпір ашылды

9 Желтоқсан, 13:05 365

Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 1 шақырым 316 метр болатын Орталық Азиядағы ең ірі көпір ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында облыс басшысы Ермек Көшербаев айтты.

Нысанның инфрақұрылымы жасалып, 19 шақырым жол салынды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен салынған көпірдің өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Облыстың 7 шалғай ауданы енді Қытай мен Ресей арасындағы транзиттік аудандарға айналып, қуатты көлік-логистикалық хаб қалыптасып келеді, – деді Көшербаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: