ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды

21 Тамыз 2023, 17:36 962

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атып, 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

Ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізу барысында полицейлер 12 калибрлі екі патронды, ИЖ-18 ЕМ-М бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан.

Белгілі болғандай, сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған. Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі әлгі көршісінің терезесін нақтылаған. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен. Кейінірек, сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жаза көзделген.

Фото: polisia.kz

Равиль Ашығали
Бөлісу: