ШҚО-да кеңседегі сейфтен 94 млн теңгені ұрлап кеткен

19 Сәуір, 17:55 1033

ШҚО полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 сәуір күні Өскемен полициясына ұрлық туралы хабар түсті.

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен.

Күдіктілер қылмыс орнынан қашу жолын алдын ала дайындап, өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына өткені анықталды.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды. Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: