Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 шақырым қашықтықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кетті.
«Жер-2024» оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішіндегі өмір белгілері жоқ жүргізушіні алып шықты.