ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

22 Қараша 2023, 17:14 911

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары жемқорлық үшін әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі.

Антикор мәліметінше, ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: