ШҚО-да аюды атқан браконьер ұсталды

27 Қыркүйек 2023, 16:02 516

Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – делінген полиция хабарламасында.

Осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: