ШҚО-да 8 жасар баланы көршісінің иті қауып алды

12 Қыркүйек 2023, 15:33 1168

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында баланы ит қауып алды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай қаласында 8 жасар баланы көршінің иті қауып алған.

Куәгерлердің айтуынша, иесі қақпа есігін ашық қалдырғанының салдарынан ит сыртқа шығып кеткен. Сол жерде бала жалғыз өзі ойнап жүрген. Ит балаға атылып, арқасынан тістеген. Абырой болғанда, бала аман қалды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.

Аталған факті бойынша жануар иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Равиль Ашығали
Бөлісу: