Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада жиналған шөптің өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды.
Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!