ШҚО-да 38 млн теңгеден аса қарызы бар адам ұсталды

11 Қыркүйек, 17:50 565

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурыз айынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түскен.

Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, 1 тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан. Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған. Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: