ШҚО-да 30 градус аязда өзен арнасынан шығып, тұрғын үйлерге жетті

15 Желтоқсан 2023, 11:30 878

Ауа температурасының күрт төмендеуінен Қатонқарағай ауданындағы Өрел өзенінің арнасын мұз керіп, су ауылға қарай ақты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өрел ауылының тұрғындары он үш сағаттан бері сумен алысып жатқан көрінеді. Олар Шоқан Уәлиханов көшесіндегі ахуалды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен.

Оқиға орнында жүрген аудан басшысының айтуынша үш үйге су кіріп, жөртөлеге жайылды. Ауыл тұрғындары алты үйдің су басқанын мәлімдеді.

Аудан басшысы Ділдар Қалиқанұлы аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік жұмылдырылып, мотопомпалар арқылы суды сорғытып жатқанын айтты. Қаптарға тиісті заттар салынып, бөгеттер дайындалып, судың одан әрі үйлерге жайылмауын басты назарда ұстайтынын мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: