ШҚО әкімі Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы шараларды тексерді

Кеше, 03:20 301

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, Бұқтарма өзенінің су деңгейінің көтерілуі мен Поганка өзеніндегі жер асты суларының жоғарылауына байланысты туындаған тұрғын үйлерді су басу қаупі бойынша жағдаймен танысты. Бұдан өзге аймақ басшысы қабылданып жатқан шараларды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 сәуірде екі күндік мол жауын-шашын қардың жылдам еруіне және Бұқтарма өзеніндегі судың сындарлы деңгейден асып кетуіне себеп болған. Сонымен қатар, Зубовск кентінде жер асты суларының көтерілуі мен Поганка өзеніндегі бөгеттердің ішінара дренажы салдарынан 10 тұрғын және 3 тұрғын емес үйдің ауласын су басты.

Облыстық ТЖД күштерімен бақшалардан 4250 текше метр су сорылып, 2000 қап төселді. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.
Бөгетті нығайту үшін 980 тонна тау жынысы жеткізілді. 2000 қап дайындалып, дренаж учаскелерінде бөгеттің ішкі бетіне ұзындығы 60 метр полиэтилен үлдір төселді.

1 мамырда Зубовск кенті тексеріліп, нәтижесінде бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс жасауда. Облыс әкімі жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Барлық жауапты қызметтер тұрғындар үшін қандай да бір қауіптің алдын алу мақсатында үйлесімді және жедел жұмыс істеуі қажет,-делінген әкімдік хабарламасында.

Су деңгейіне мониторинг тәулік бойы жүргізілуде. Тұрғын үйлерге су басу қаупі болмағандықтан, тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туындамаған. Бұқтарма өзеніндегі су деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрады. Қауіптің шегі артта қалды. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: