ШҚО әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

9 Қараша, 18:12 337

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі тұрғындарға интернет алаяқтары туралы ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған орай жергілікті билік халықты фейк парақшаларға сеніп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырды. 

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті. Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз,-деп атап өтті әкімдіктен.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: