Шортанды ауданының әкімі тағайындалды

2 Тамыз 2022, 17:04 1489

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып Сағындық Шабаров тағайындалды,– деп хабарлайды El.kz.

–  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің бұйрығымен Сағындық Шабаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сағындық Шабаров 1982 жылы Ақмола облысында туған.

Екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облыстық қазынашылық басқармасы Степногор қалалық бөлімінің жетекші маманы, қазынашысы болып бастаған.

2005 жылы «Өркен Атансор» ЖШС экономисі болып еңбек етті.

2006 жылдан 2016 жылға дейін – Степногор қаласы әкімдігінде түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2016 жылғы наурыздан 2019 жылғы сәуірге дейін – Степногор қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурыз айына дейін – Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, 2020 жылдың маусым айынан қараша айына дейін – «Степногор электрокомплекс» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылғы қарашадан бастап Степногор қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Бөлісу: