Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турда қола жүлдеге ие болды

16 Ақпан, 23:13 605

Шорт-тректен Италия астанасы Миланда өтіп жатқан әлемдік турдың кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікке енді. Отандастарымыз 5 мың метрлік қашықтықтағы командалық сайыста қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші орын Италия құрамасына (6:42.85), екінші орын канадалық спортшыларға (6:42.90) бұйырды. Ал Қазақстан командасы (6:46.08) үшінші орынға жайғасты. Төртінші орынды Қытай спортшылары (6:55.21), бесінші орынды Жапония (6:57.70) командасы алды.

Финалдық бәсекеде ұлттық құрама сапынан Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл 2024-2025 жылы аралығында ұйымдастырылып жатқан әлемдік турдың кезеңіндегі екінші жүлдеміз. Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында аруларымыз 3 000 метрлік қашықтықта да қола жүлдені жеңіп алған.

Асқар Таудай
Бөлісу: