Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы алтын медаль иеленді

Кеше, 10:36 420

Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: