Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

5 Қазан 2022, 17:35 1561

7 қазанға дейін 11 өңірдің 90-ға тарта спортшысы сынға түседі

Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен ел чемпионаты басталды. Мұнда Ұлттық құрамадан бастап әр облыс пен қаланың таңдаулы шорт-трекшілері бар, деп хабарлайды El.kz kazsports.kz-ке сілтеме жасап.

Әр қашықтықта финалға шыққандар оқу-жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алады. Осылайша, келер айда басталатын Әлем Кубогы кезеңдерінде өнер көрсететін құрама жасақталмақ.

Қатысып жатқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО, Қызылорда облысы.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына Спортты Дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Қазақстан коньки тебу федерациясы директорының міндетін атқарушы Олжас Беспаев қатысты.

Айта кетейік, бәсекені INSPORT арнасының YouTube парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Чемпионаттың алғашқы күні бүгін кешке 1500 метрге жарыста ерлер мен әйелдер арасында чемпион мен жүлдегерлер белгілі болады. Ертең 500 метрге жүгіруден ерлер мен әйелдер арасында чемпион мен жүлдегерлер анықталады. Сондай-ақ 3000-5000 метрге эстафета (әйелдер, ерлер) мен 2000 метрге аралас эстафета өтеді. 7 қазанда 1000 метрге жарыста үздіктер анықталады.

Бөлісу: