Шорт-трекшілеріміз 1000 метрде финалда сынға түседі

Кеше, 09:16 417

2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрде қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Малика Ермек «А» финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Алина Ажғалиева «B» финалында бақ сынайды.

Ерлер арасында 1000 метрде жарысқан Әділ Ғалиахметов өз тобында бірінші келіп, жартылай финалға жолдама алды.

Перизат Саденова
Бөлісу: