Шорт-трек: үш қазақстандық спортшы Азиаданың жартылай финалына шықты

Бүгiн, 07:30 115

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасының үш спортшысы жартылай финалға жолдама алды.

Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова және Ольга Тихонова ширек финалдық кезеңді сәтті аяқтап, келесі кезеңге өтті.

Жартылай финал мен финалдық бәсекелер 8 ақпанда өтеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: