Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы шорт-тректен Канаданың Калгари қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.
Қыздар арасындағы 1000 метр қашықтықта Алина Әжіғалиева қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, ол 1500 метр финалдық жарысында төртінші орын иеленді.
Әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер эстафетасында қазақстандықтар қола жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен қатар аралас эстафетада да біздің шорт-трекшілер үшінші орын иеленді.