Шолпан-Атада ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары ортақ газ нарығын құру мәселесін талқылады

25 Тамыз 2022, 19:32 802

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы primeminister.kz сайты мәлімдеді.

Сонымен қатар шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин қатысып жатыр.


Шағын құрамда отырысқа қатысушылар ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіп кооперациясы, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылады.


Одан бөлек, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім жобасы, көлік саласындағы басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобалар тізбесі, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы, сондай-ақ өзара сауда кезінде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі делегация басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуге қатысты.

Бөлісу: