Шоколад қорабына орап елге есірткі кіргізбек болған ресейлік азамат ұсталды

25 Шілде 2023, 17:07 769
Полиция қызметкерлері "Қайрақ"шекара бекетінде ресейліктен Kinder тосын сыйына тығып қойған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
 
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, "Қарасора 2023" жедел алдын-алу шарасы аясында "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder тосын сыйына салып өткізбек болған.
 

Оқи отырыңыз:

Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. "Сізде тыйым салынған заттар
бар ма?",-деген сұраққа ер адам "иә" деп мойындады. Есірткі заттары қайда тұрғанын сұрағанда, ол ішінде үш грамм марихуана болған Kinder тосын сыйын берді, - деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
 
Қазіргі уақытта екі бап бойынша - ҚР ҚК 286 "Контрабанда әрекеті", сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабы "Есірткі құралдарын сақтау"бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі "Қарасора" жедел алдын-алу шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілегенін мәлімдеді.
Равиль Ашығали
Бөлісу: