Шейх Ахмед ат-Тайеб: Ауқымды дағдарыстың барлығы адамның қолымен жасалып жатыр

14 Қыркүйек 2022, 11:52 2393

Соңғы 3 жыл біздің әлеміміз үшін оңай болған жоқ.

Қазақстанда өтіп жатқан съезд пандемиядан кейінгі адамдардың рухани және ішкі күш-жігерін дамытуға ықпал ететін бірден бір шара. Бұл туралы Әл-Азһар университетінің жоғарғы имамы, Шейх Ахмед ат-Тайеб айтты, деп хабарлайды El.kz.

Ол әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде пандемиядан кейінгі адам өмірі туралы айтты.

«Соңғы 3 жыл біздің әлеміміз үшін оңай болған жоқ. Өмірімізге пандемия келгелі адамдардың өмірі қиындай түсті. Әлемде короновирустан 15 миллиондай адамның қаза тапқаны белгілі. Бұл адамзат тарихындағы үлкен мәселеге айналды. Дәрі-дәрмек жетіспегеннің салдарынан көптеген жандардың өмірін сақтап қала алмадық. Пандемия адамзат тарихындағы табиғи, экономикалық және саяси дағдарыстардан асып түскен мәселе болды», - деді Шейх Ахмед ат-Тайеб.  

Сонымен қатар адамзат тарихындағы ауқымды дағдарыстардың барлығы адамның кесірінен орын алып жатқанын атап өтті. Әлемді және адамзатты құтқару маңызды және алдыңғы қатарлы шаруа. Сондықтан рухани, өркениетті мәселелерге бей-жай қарауға болмайтынын айтты.


Миражан Махан
Бөлісу: