Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды

19 Шілде, 17:17 546

Шетелге саяхаттамақ болған ақмолалық тұрғын алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шілде айында ақмолалық азамат Instagram әлеуметтік желісінен шетелге тур сататын парақшасын байқап қалған. Қызығушылық танытқан әйел өзіне және отбасына Түркияға 1 296 000 теңге тұратын тур тапқан. Сол күні өтініш беруші онлайн төлем жасаған. Ал сатушы жолдамалар клиенттің электрондық поштасына бір тәулік ішінде түсетінін айтқан. Алайда кейіннен ақмолалық тұрғын билеттерді де, ақшаны да ала алмаған. Алаяққа тап болғанын білген әйел Қосшы қаласының полиция бөліміне жүгінді.

Осы факті бойынша тергеушілер сотқа дейінгі тергеуді бастады, ал заттай дәлелдемелер ретінде хат-хабарламалар мен төлем туралы түбіртектер алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: