Шетелдік ЖОО-ға құжатты қалай тапсырған жөн?

3 Ақпан 2016, 11:55

Шетелдік оқу орындарына құжаттарыңызды тапсырар кезде, олардың дұрыс әзірленуіне көп көңіл бөлу қажет.

Шетелдік оқу орындарына құжаттарыңызды тапсырар кезде, олардың дұрыс әзірленуіне көп көңіл бөлу қажет. Оқуға түсу-түспеу студенттің өз қабілеттері мен біліктілігін, аналитикалық және сыни ойлау деңгейін, тұлғалығын көрсете білуіне тікелей байланысты. Өзіңіздің жетістіктеріңіз бен ғылыми қызығушылықтарыңызды сипаттау сіздің мүмкіндігіңізді одан да әрі күшейтеді. Сонымен қатар, құжаттарыңыздың бәрін жақсы рәсімдесеңіз, сіздің бағдарламаға мейлінше сай келетін үміткер ретінде танылуыңызға жол ашылады.

Құжаттарды даярлау процесі көп уақыт пен күш салуды қажет етеді. Бұл процедураны соңғы күнге қалдырмаңыз. Мысалы, егер құжаттарыңызды қыс кезінде жіберуді көздесеңіз, қыркүйек айынан бастап дайындалыңыз. Құжаттар пакетін әзірлеуде қабылдау комиссия талап ететін барлық құжат пен ақпараттың бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір ақпарат жетіспейтін болса, комиссияға қайта жібермейінше, сіздің өтініміңіз қарастырылмайды. Мұндай жағдайда бағалы уақытыңызды қатты жоғалтасыз. Құжаттарды жібермес бұрын оларды тізім бойынша тексеріп шығыңыз. Университеттердің басым көпшілігі келесідей құжаттарды талап етеді:

ЖОО таңдау

Университетті таңдаудағы ең басты фактор – сіз таңдаған мамандықтың сол оқу орында болуы және ондағы білім берудің сапасы. Оқығыңыз келетін өңірді, содан соң ондағы сіздің мамандығыңызды оқытатын білім ошағын таңдаңыз. Тек танымал университеттермен шектелмеңіз: сіздің мақсатыңыз бен қаржылай мүмкіндіктеріңізге сай келетін өзге де колледждер мен университеттер бар.

Сіздің талаптарыңызға мейлінше сәйкес келетін 10-15 университеттің тізімін жасаңыз. Оларды келесі параметрлер арқылы тағы да сүзгіден өткізіңіз:

Сұрау-хат

Университеттер тізімін нақтылаған соң, олардың оншақтысына сұрау-хат жіберіп, оқуға түсудің шарттарын біліңіз. Шетелдік ЖОО-ға құжаттар тапсырғанда өзіңіз туралы ақпаратты әрдайым бірдей етіп жазыңыз. Бұл әсіресе аты-жөніңіздің транслитерациясына қатысты. Есіміңіз Айдархан болса, бір жолы Aidarkhan, екінші жолы Aidarhan, үшінші жолы Aydarhan деп жазып жүрмеңіз.

Хатты поштамен немесе интернет арқылы жіберіңіз. Шамамен бір айдан соң сіз өзіңізге қажетті ақпаратты аласыз.

Тапсырылатын құжаттар

Соңғы кеңестер

Әрдайым барлық құжаттың көшірмесін алып отырыңыз. Құжаттарыңызды үлкен конвертпен және тұрақты (тіркелген) әуе поштасымен жіберіңіз және неғұрлым ерте болғаны дұрыс, өйткені қабылдау комиссиясы құжат қабылдау мерзімінен кейін келген өтініштерді қарастырмайды. Өз уақытыңыз бен бюджетіңізді мұқият жоспарлаңыз. 


Дәурен Омаров

Бөлісу: