Шетелдік университеттердің бес филиалы ашылады – Саясат Нұрбек

6 Қаңтар 2023, 11:14 1472

 Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министрліктің өткен жылғы қорытындысы мен алдағы жеті жылға қойылған мақсат-міндеті баяндалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жоғары білім саласындағы күн тәртібіндегі жеті сұрақ бойынша шешімдер бекітілді. Жарты жыл бұрын қызметін бастаған министрліктің атқарған қызметі аз емес. Бүгінде Республика бойынша 626,2 мың студент жоғары білім алуда. Олардың әлеуетін көтеру мақсатында үлкен жоспарлар мәлімденді.

«Ғылым мен жоғары білімді үйлестіру мақсатында президент тапсырмалары бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда министрлікте 183 адам, 4 комитет жұмыс жасайды. Өткен жылда ауыз толытырып айтарлықтай істер атқарылды. Жаңа жылда сайлау алды платформада бекітілген жобаларды іске асыру схемалары құрастырылып жатыр», дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін шәкіртағы 50 пайызға дейін өсетін болады. Сонымен қатар, беделді шетелдік университеттердің кемінде бес филиалы, соның ішінде батыс өңірінде техникалық бейімділігі бар университеттердің екі филиалын ашу басты жоспарда.

Сонымен қатар  Саясат Нұрбек демографиялық өсімді алға тарта отырып, мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді қайта қарастыруды атап өтті.

Президент халыққа жолдауында бекіткен гранттарды бөлу мен несие беру жобалары 2023-2024 оқу жылынан бастап жүзеге асады делінді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: