«Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді.
Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек, - делінген мәліметте.