Шетелдік байқаушы: Референдум – демократиялық процестер дамуының тағы бір көрінісі

7 Қазан, 11:11 9015

Бүгін референдум аясында ұйымдастырылған шетелдік бақылаушылардың брифингінде дауыс берудің қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шара барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Олег Копылов сөз сөйлеп, байқаушылар жұмысының қорытындыларын айтып өтті.

Ешқандай сенсация болмайды. Жалпылама бағалау - осы. Бұл қорытындылар ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілетін болады. Біздің миссиямыз референдум барысын бақылау үшін келген еді. Миссия құрамында 13 байқаушы болды. Олар заң шығарушы, атқарушы органдардан, дипломатиялық қызметкерлерден құралды. ШЫҰ елдерінен келген миссия өзінің функциясын саяси бейтараптылық, объективтілік және мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидаттары бойынша жүргізді. ҚР заңнамасы толықтай сақталды. Дауыс берудің алдында орталық референдум комиссиясының өкілдерімен, Нұрлан Әбдіровпен кездестік. Сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен жүздескен едік. Қабылаушы тарап референдумды дайындау және жүргізу бойынша барлық жағдай жасады деуге болады. Ақпарат толығымен берілді, - деді ол.

ШЫҰ өкілі ақпараттық жүйе мен бірыңғай платформа, интернет ресурстармен бірге онлайн сервисті іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін алға тартты. Веб-сайт орталық сайлау комиссиясының жұмысын жан-жақты баяндап, референдум жүргізілуі барысын баяндады.

Мемлекеттік органдардың интернет ресурсында толық ақпарат жарияланды. АЭС салу жақтастары халық штабын іске қосты. Мұнда белсенділер тобы болды. АЭС салуға қарсылық білдіргендер азаматтардың өз ойларын еркін білдіре алатынын көрсетті. ҚР аумағы бойынша барлық мүмкіндіктер жасалды. Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына да қажетті  жағдай жасалды. Дауыс беретін орынды жабдықтап, сурдоаудармашылар қызметі ұсынылды. Олар арнайы көлік, инфватаксимен сайлау учаскелеріне жеткізілді, - деп түсіндірді.

Шетелдік байқаушы 6 қазан күні 07:00-ден миссия мүшелері ашылуға келіп, бюлеттеньдерді дайындау барысына қатысқанын айтты. Барынша толықтай ақпаратты алу мақсатында миссия мүшелері 31 учаскеге барғаны белгілі болды. Дауыс беру белгіленген тәртіппен өтті.

Миссия референдумның ашық өткеніне көз жеткізді. Азаматтардың белсенді қатысуы қуантады, - деп қорытындылады.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: