Шетелдік азамат шекарадан 90 млн теңгеге темекі өткізбек болды

28 Ақпан 2023, 12:50 837

2023 жылғы 27 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қарасу» автокөліктік өткізу пунктінде шекаралық бақылау жүргізу барысында ілеспе құжатсыз 90 млн теңгеге жуық сомаға электрондық шылымның ірі партиясын өткізбек болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұсталған адам әрі қарай тексеру үшін ҚР Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді.

EL.KZ
Бөлісу: