Шетелдегі учаскелерде қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

5 Маусым 2022, 12:20 1179

Фото: СІМ

Шетелдегі дауыс беру учаскелері жергілікті уақытқа сай ашылып, референдумға қатысуға келген қазақстандықтарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Ирандағы отандастарымыздың өтініштері негізінде учаскелік комиссия «Заркух» қазақстандық компаниясына тиесілі және елдің батыс бөлігінде орналасқан алтын кен орнында дауыс беру процесін жүзеге асырды», - дейді ҚР СІМ.

Сондай-ақ, Бішкек, Ташкент, Ашхабад, Душанбе, Ереван мен Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істеп жатыр. Нью-Дели, Исламабад, Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Эр-Рияд, Джидда, Маскат, Доха, Амман, Каир, Тель-Авивтегі учаскелердің есігі дауыс берушілер үшін ашық. 

Түркияның Анкара, Ыстанбұл және Анталия қалаларында, ал Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань мен Омбыдағы дауыс беру учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмыс істеп тұр. 


Бөлісу: