Шетелдегі түріктер үшін президент сайлауында дауыс беру басталды

21 Мамыр 2023, 12:49 757

Түркиядан тыс жерде тұратын ел азаматтары сенбіден бастап президенттік сайлаудың екінші турына дауыс бере бастады, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Anadolu басылымының жазуынша, қазіргі уақытта 73 елде 167 сайлау учаскесі ашылған. Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру мерзімі 24 мамырға дейін жалғасады деп жоспарланған.

Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталуы тиіс. Дауыс беру бюллетеньдерін Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып, дипломатиялық курьерлер жеткізбек. 

Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.

Асқар Таудай
Бөлісу: