Шетелдегі тоғыз учаскеде дауыс беру аяқталды

6 Қазан, 17:53 409

Қазіргі уақытта шетелдегі бірқатар референдум учаскелері жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, мына елдерде дауыс беру аяқталған:

Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиланд.

Айта кетейік, шетелдегі дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12307. Республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: