Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

21 Қараша 2022, 10:21 1820

Соңғы сайлау учаскесіне сайлаушылар 100% келген

Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы сайлау учаскесіне сайлаушылар 100% келген.

Осыған дейін Сан-Францискода соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастағанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 20 қараш күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

EL.KZ
Бөлісу: