Шетелдегі 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады

6 Қазан, 08:37 324

Дәл қазір Орталық референдум комиссиясында шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 59 елінде дауыс беру үшін 74 учаске құрылғанын айтты.

Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12307. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша шетелдегі 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады. 48 учаскенің ашылуы күтілуде. Жақын арада Орта Шығыс және Еуропада орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды. Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі белсенді болып жатқанын байқаудамыз. Уақыт айырмашылығына байланысты Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Октава қалаларындағы және Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Айта кетейік, республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: