Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді

19 Наурыз 2023, 20:15 818

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет елдердегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 016 адам болатын 77 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясының (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және жалпы алғанда 5071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл 41,8 процент.

66 учаске жұмысын жалғастыруда.

EL.KZ
Бөлісу: