Шет елдерден 793 байқаушы ресми тіркеуден өтті

13 Наурыз 2023, 18:32 1099
ОСК хатшысы Мұхтар Ерман шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды аккредиттеу жергілікті уақыт бойынша толығымен аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Астана уақытымен аккредиттеу сағат 18.00-де аяқталды. Осылайша, 41 шет мемлекетпен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркеуден өтті, - деді ол.
 
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 793 байқаушы аккредиттелгенін және оның ішінде 131 байқаушы 41 шет мемлекеттен, 662 байқаушы 12 халықаралық ұйымнан екенін тілге тиек етті.
 
ОСК төрағасы Халықаралық байқаушылардың сайлауға қатысуы ашықтықты және сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың дәлелі екенін айтты.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: