«Шешесі мен баласы одақ құрды». Жанар Айжанова қызының басынан өткен оқиғаны айтты

17 Қаңтар, 09:17 23827

Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында елімізде ажырасу неге өршіп тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әженің, ененің мектебін жоғалтып алдық. Өзімізде жоқ нәрсені келіннен немесе күйеу баладан талап ететін болдық. Өз үйін тастап, біреудің үйіне барған қыз балаға ол үйдің салт-дәстүрі тұрпайы болып көрінеді. Оған үйрену үшін 2-3 жыл уақыт керек. Сол кезде келін мен баладан гөрі, баласын бауырына тартып отырады. Қызымның басынан өтті. Шешесі мен баласы бір-біріне сай болып, одақ құрып алады. Екеуі қосылып, ым-жымы бір болып түсініспеушілік басталады. Үйіңе келін келгенде, қызыңдай көрмесең де, бір көзің көрмесін, бір құлағың естімесін деген. Екі жақтың да мақсаты – шаңырақтың шайқалмауы,  - дейді Жанар Айжанова.

Кейде ер азаматтардың ас үйдегі тірлікке араласып, тіпті, келіннің айлығына жармасып жататынын да атап өтті.

Тәрбие – отбасынан. Ең соңында, екі жақ та бармағын тістейді. Соның ортасында қосылған жастар балалы болады. Тірі жетім қалып жатқан біздің балалар. Бұл қазіргі қоғамның трагедиясы дер едім. Әйел адам барған жерінде көп жәрдем керек. Екі жас үйленгенде, күйеу баладан ештеңе сұралмайды. Ал келіннен не істей алатынын қатты сұрайды. Сондықтан, екеуін де бірдей мықты етіп тәрбиелеу керек, - дейді әнші.

Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ұлы бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: