Шерзаттың әжесі айыпталушылармен бірге болған қыздар туралы тың дерек айтты

Кеше, 11:46 2145

Талғар қаласында қайғылы жағдайда қаза тапқан Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша өткен сот отырысында марқұмның әжесі Жұмабике Кадирова куә ретінде жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сол күні айыпталушылармен бірге болған екі қыздың әрекеті жайында сұрақ қойды.

Сіз жәбірленуші ретінде жауап бергеніңізде, оқиға орнына келген топтың арасында екі қыз болғанын айттыңыз. Осы екі қыздың іс-әрекетін нақтылап айтып беріңізші. Олар не істеді? Қайда тұрды? – деп сұрады прокурор.

Жұмабике Кадирова екі қыздың да сол жерде болғанын растады.

Маған “Скорый шақырмайсыз ба, скорый шақырмайсыз ба” деген дауысын естідім. Бірақ ол қыздардың түрін танымаймын. Не істеп, не қойып жатқандарын нақты білмеймін. Балалар олардың қолдарынан ұстап, машинаға тығып алып кетті. Олар маған қарап тұрған еді. Бірақ мен ол кезде жедел жәрдем шақыратын жағдайда емес едім, – деді марқұмның әжесі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: