Шерзаттың әпкесінің өтініші не болды? Бас прокурордың орынбасары жауап берді

29 Қаңтар, 14:33 485

Мәжілісте журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймованың өзін елде қалдыру туралы өтініші не болып жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білуімше, ол Жоғарғы сотқа жүгінген. Оның өтініші қарастыру кезеңінде, - деді ол.

Журналистердің «қазір ол Қазақстанда ма» деген сұрағына «иә» деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Реймованы елден шығармау туралы өтініш жолдағаны мәлім болған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: