Шерзат ісі бойынша сот: басты күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамайды

17 Сәуір, 12:05 508

Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы 17 сәуір сағат 10:00-де басталуы керек болған. Алайда адвокаттардың бірінің процеске кеш келуіне байланысты сот жоспарланған уақытынан кеш басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов сот залында 17 сәуірде басты сот талқылауы басталатынын мәлімдеді.

Бүгінгі сотта айыпталушылар өзін таныстырып жатыр. Басты айыпталушының бірі ретінде танылған Абзал Шынасыл ұлты қазақ, білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ екенін, бұрын сотталмағанын айтты.

Ол айыптау актісін көшірмесін қолына алған. Алайда, сот отырысына толық дайын емес екенін жеткізді. Оның басты себебі, істі толық зерттеп бітпеген. Сондай-ақ, басты күдіктінің адвокаты оның өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

Ынтымақ Толқын
Бөлісу: