Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберген күдіктілер әлі табылған жоқ. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттағы брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әсет Шындалиевтің айтуынша, өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірақ оның қалай аяқталатынын айта алмаймын, – деді ол.
Бас прокурордың орынбасары Шерзат Болаттың үйін өртегендердің әлі анықталмағанын да атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты негізгі қылмыстық істің тергеуі аяқталып, прокуратураға жіберілгені жайлы жазғанбыз.