Шерзат Болаттың соты онлайн Live режимінде

10 Сәуір, 13:15 515

Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары сот бұл отырысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Алдын-ала тыңдау Live режимінде көрсетіледі.

Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысы Талғар қаласында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені қоғамда резонанс тудырды. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.

EL.KZ
Бөлісу: