Шерзат Болаттың өртенген үйінен канистр мен қолғап табылған

15 Қазан, 14:09 588

Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Берік Адамовтың сөзінше, оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын айтты. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізілуде. Шығын көлемі анықталып жатыр, - деді Алматы облысының прокуроры. 

Ол бұл істі ашық және обьективті түрде жүргізуді жалғастыратынын атап өтті. 

 

Миражан Махан
Бөлісу: