Шерзат Болаттың өлімі: марқұмның ағасынан жауап алынды

22 Қазан, 16:46 893

Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты куәгерлерден жауап алынуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы Шерзаттың ағасы Нұрғанаттан жауап алынған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Саида Тәуекелованың айтуынша, алған жарақаттарына байланысты Нұрғанат тұра да, отыра да алмайды.  

Тергеу іс-шараларының тағы бір күні артта қалды. Бүгін тағы бір жәбірленуші, Шерзаттың ағасы Нұрғанаттан жауап алынды. Алған пышақ жарақатына байланысты ол қазір тұра да, отыра да алмайды. Соған қарамастан Нұрғанат барлық сұраққа толық жауап берді. Бәрі жақсы өтті, - деді адвокат.

Нұрғанат Ғайыпбаев қайғылы оқиға болған күні жарақат алған. Ол 9 жылдан астам уақыт бойы жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасында маман болып жұмыс істеген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алатау, бывш. Жетiген, Алматинская область (@alataukz_city)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: